Home Басты жаңалықтар Түркістан қаласының әкімі: Ел сенімін ақтауда аянбаймын

Түркістан қаласының әкімі: Ел сенімін ақтауда аянбаймын

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филилалының кезектен тыс XLV конференциясы өтті. Аталған конференцияны «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасын сайлау болды. Делегаттардың дауыс беруімен Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлының кандидатурасы бірауыздан қолдау тауып, ол «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы болып сайланды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістанның стратегиялық маңызы бар қала екеніне тоқталып, жаңа төрғаның алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Облыс орталығы болғандықтан Түркістан филиалына үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанына да тоқталды. Қала әкімі, қалалық филиал төрағасы Н.Тұрашбеков ел сенімін ақтау жолында аянып қалмайтынын айтты.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша партияның Түркістан қалалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1354 адам жүгінген, бұл – 2019 жылмен салыстырғанда (734) 2 есе көп. Нәтижесінде өтініштің 687 оңтайлы шешіліп, 667 өтінішке заң аясында кеңестер берілді. 2021 жылы қаңтар-маусым айлары бойынша 754 өтініш келіп түскен. Оның 165-і (22%) оңтайлы шешіліп, 586 өтінішке заң аясында кеңестер берілген, 3 өтініш қаралу барысында. Жол картасын жүзеге асыру, халықпен диалог орнатып, олардың мәселелерінің шешілуіне ықпал ету жұмыстарын күшейту керек», – деді Б.Тәжібаев.