Home Басты жаңалықтар Түркістан Оқушылар сарайында 1000 оқушының білім алуына мүмкіндік бар

Түркістан Оқушылар сарайында 1000 оқушының білім алуына мүмкіндік бар

Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Жыл басында жұмысын бастаған Оқушылар сарайы заман талабына сай жабдықталған. Білім ордасында әртүрлі бағыттағы студиялар мен үйірмелер жұмыс істейді. Орталықта жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді пайдалануына барлық мүмкіндік жасалған. Оқушылар сарайында 1000-нан аса оқушының қосымша білім алуына мүмкіндік бар. Мұнда Технопарк, «IT SANA» орталығы, Өнер орталығы (кескіндеме, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Ғылым орталығы, Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, би, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау барлығы 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді.