«Әлеуметтік базар» кешені жұмыс істеп келеді. Өткен жылы іске қосылған сауда орталығы басқа базарлардан делдалсыз жұмыс істейтінімен ерекшеледі. Яғни, диқандар өздері өнімдерін базарға тікелей жеткізіп, тұрғындарға арзан бағада ұсынады. Мұндай сауда орнының ашылғанына жергілікті халық та, шаруалар да дән риза.
Солардың бірі Ұшқын елді мекеніндегі құс өсірумен айналысатын кәсіпорынның басшылары. Жылдың басында ғана іске қосылған құс фермасында 2000-нан астам тауық өсірілуде. Мекеме басшысы дайын тауарды өткізетін осындай орындардың көп болуы барлығымызға тиімді дейді.Сондай-ақ, балық шаруашылығымен айналысатын «Жақсылық жасау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы да мұндай бастамаға өзінің оң көзқарасын білдірді. Аталған кәсіпорын 2018 жылы негізін қаланған.
Жобаның жалпы құны 250 млн. теңге. Бұл қаржының жартысы, яғни 125 млн. теңгесі мемлекет тарапынан субсидияланған. Кәсіпкер мол көлемде өнім шығаратын мұндай кәсіпорындар үшін «Әлеуметтік базарлардың» оң ықпалы көп екенін айтты.