Home Басты жаңалықтар Түркістан: Көпшіліктің арыз шағымы басты назарда

Түркістан: Көпшіліктің арыз шағымы басты назарда

Жол картасы шеңберінде Түркістан қаласының өзінде көптеген құрылыс нысаны пайдалануға берілді. Кәсіпорындар іске қосылуда. Партия филалы жанынан облыстық деңгейде – 12, аудандық, қалалық деңгейлерде 141 қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс атқарып жатыр.

Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Түркістан облысында праймериз өтіп, бойынша 600-ге жуық адам кадрлық резервке алынғанын білесіздер. Жаңа тұлғалар жарқырай көрініп, қазір елге қызмет етіп жатыр. Түркістан облысына қарасты партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 5200 арыз-шағым түсті, оның 4088-і оң шешімін тапты. 950 өтінішке заң аясында кеңестер берілді.

Облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев пандемия кезінде де карантин талаптарын сақтай отырып, тұрғындарды қабылдауды тапсырған болатын. Бұл салада да қозғалыс бар. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 1215 қабылдау жүргізіліп, 2960 азаматтың мәселелері қаралды. Оның ішінде барлық деңгейдегі мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары 692 жеке қабылдау жүргізіп, 1760 азаматтың өтінішне құлақ асты. Облыс, қала, аудан әкімдері және орынбасарлары 87 жеке қабылдау жүргізіп, 220 тұрғынның арыз-шағымын қабылдады. Жалпы фракция мүшелері өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарып, әрбір тұрғынның өтінішін назарға алып, жұмыс жүргізуде.

Алдағы уақытта да «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау бағытында жүйелі жұмыс жалғасады. Әрине шешілмеген мәселе де аз емес. Ол түйткілдің бәрін елдің бірлігі, азаматтардың берекелі тірлігі арқылы тарқатамыз деп сенемін!