Home Басты жаңалықтар Түркістан: Көпшілікке арналған саябақ құрылысы аяқталуға жақын

Түркістан: Көпшілікке арналған саябақ құрылысы аяқталуға жақын

Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта қалалық саябақтың (ДендроПарк) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылдың наурыз айында құрылысы басталған нысан жуық арада пайдалануға берілмек.

Саябақтың жалпы ауданы – 27,8 га құрайды, саябақ аумағында 12 000 дана түрлі ағаш, 2360 ш.м. аумағына гүлдер, 20 476 ш.м. аумағына көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңға дейін 12 000 түп ағаш отырғызылып, аяқ жол тақтайшалары және асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған.

Сонымен қатар, жарықшамдар мен газон және суару жүйесі толықтай жүргізілген. Жалпы алғанда нысанның жұмысы 98 пайызға аяқталған. Саябақтың құрылысы мен күтіп ұстау жұмыстары үшін 150-ден астам қызметкер жұмыс атқаруда. Түркістан шаһарын жасыл желекке айналдыру мақсатында іске асқан Дендросаябақ – велосипедпен де серуендеуге таптырмас орын болмақ.