Home Басты жаңалықтар Түркістан: Кәсіпкерлерге арналған жаңа жоба әзірленуде

Түркістан: Кәсіпкерлерге арналған жаңа жоба әзірленуде

Бұл жоба кәсіпкерлерімізге бағдар көрсететін көмекші құрал болмақ. Әрине өңіріміз аграрлы өлке болғандықтан кеңес отырысында көтерілген сұрақтардың дені ауылшаруашылығы саласында болды. Қазіргі таңда мал азығы, яғни жем- шөп мәселесі өзекті. Бұл мал шаруашылығына кең көлемде кері әсерін тигізіп отыр.

Кездесуде кәсіпкерлеріміз облысымызда жем шөпке субсидиялау қарастырылмағанын айтып, қаражат бөлу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Бұл мәселені түрлі алаңдарда көтеріп, облысымызға бірінші кезеңде 3 млрд көлемінде субсидия бөлу бойынша ұсыныс берілген. Шаруаларымыз шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша, ағын су тапшылығы, ұрық шаруашылығының жоқтығы секілді мәселелерді көтерді.

Кездесу соңында Кеңес төрағасы, мәжіліс депутаты Қайнар Абасов барлық көтерілген сұрақтардың республикалық деңгейдегілері назарға алынып, тиісті Министрліктерге жолданып, облыс аумағындағы мәселелер тиісті басқармаларға жүктеліп, облыстық Нұр Отан париясының қадағалауына қойылды.