Home Басты жаңалықтар Түркістан: Байланыс сапасын жақсарту жолдары талқыланды

Түркістан: Байланыс сапасын жақсарту жолдары талқыланды

Ауылдық елді мекендерде ұялы байланыс пен тұрақты байланыс сапасын арттыру және дамыту мәселесін бақылауға байланысты мәжіліс Қаратөбе ауылдық округінде өтті.

Жиынға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі – Асхат Елубайұлы Оразбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекомункациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы – Тоқтагулов Ержан Даулетұлы, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы – Янабаев Ерлан Жумаевич арнайы келді. Мәжілісті аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы жүргізіп отырды. Басқосуға, сондай-ақ, KCELL АҚ-ның өкілдері, БАҚ өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Вице-министрі Оразбек Асхат Елубайұлы өз сөзінде қазіргі кезде республика аумағында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асыру барысы жөнінде әңгімеледі.

Республиканың барлық елді мекендерінің кең жолақты интернет желісіне қол жетімділігі, сонымен қатар ондағы интернет-байланыстың жылдамдығы мен сапасы жайы жиын барысында сөз болды. Кең жолақты интернет желісіне қолжетімділік, ұялы байланыспен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бағдарламасына енгізілмеген ауылдық елді мекендерді (бірінші кезекте білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарын және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарын) балама технологиялармен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырылып жатқандығын айтты.