Home Басты жаңалықтар Түркістан: Автомобиль жолдарын 2025 жылға дейін жақсартпақ

Түркістан: Автомобиль жолдарын 2025 жылға дейін жақсартпақ

2025 жылы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 99,5% жеткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы 444 елді мекенге табиғи газ тартылады. Алдағы 5 жылда 85,6%-ға табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Жыл қорытындысымен орталықтандырылған ауыз сумен жалпы 717 елді мекен қамтылатын болады. 2025 жылға толық 100% қамту көзделуде. Жаңадан салынып жатқан Түркістан қаласын қажетті жылу, энергия көздерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін булы газ қазандығын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, электр қуатын сапалы тарататын «Орталық», «Солтүстік», «Бадам» секілді қосалқы станциялар құрылысы басталды. «Облыста жалпы сыйымдылығы 8,7 млрд.м3 42 су қоймалары бар. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кепілді ағын сумен қамтамасыз ету үшін қосымша сиымдылығы 68 млн.м3 құрайтын 2 су қоймасын салу жоспарланған. Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары Түркістан облысында 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңға 1,5 мыңға жуық отбасы мүшесі бар 302 отбасы қоныс аударды. Жалпы Республика бойынша қоңыс аударғандардың ішінен Түркістан облысының үлесі 30% құрайды. Енді біздің алдымызда облыстың осы көрсеткіштерін еселеп, Жолдаудағы айқындалған бағыттарды іске асыру міндеті тұр»,-деді Өмірзақ Естайұлы. Алқалы жиында бірқатар баяндамашылар жарыссөзге шығып, Жолдау аясында берілген тапсырмалар мен атқарылатын жұмыстар жөнінде өз ойларын ортаға салды. «Жолдау талаптарын толық орындап, мына күрделі заманда Ел болып қалуымыз үшін бүкіл халқымызды аяққа тұрғызуымыз қажет. Бұл істі тек ұлт зиялылары ғана атқара алады. Сондықтан да, Президент зиялы қауымды ел болашағына әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырды. Осы тұста жергілікті жерлердегі зиялыларды, лидерлерді қамтуымыз керек. Арыс оқиғасы кезіндегі сектор қағидаты, сектор саясаты осы ретте өте тиімді болып келеді, деп ойлаймыз»,-деді ҚХА мүшесі Алишер Сатвалдиев. Жиын соңында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы міндеттерді сапалы жүзеге асырып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.