Home Басты жаңалықтар Түркістан: Ауыл әкіміне үміткерлер бір шаңырақта бас қосты

Түркістан: Ауыл әкіміне үміткерлер бір шаңырақта бас қосты

Бүгін Кентау қаласы Қарнақ ауылында ата-баба салтымен елдің ынтымағы мен бірлігі бекем болсын деген ниетпен киіз үй тігілді. Оған елімізде алғаш рет өткізгелі отырған ауыл әкімдерінің сайлауына үміткерлер қатысты.

Мемлекет басшысының бастамасымен тұңғыш рет жүзеге асқан бұл сайлау науқаны көпшіліктің оң пікірін қалыптастырып үлгерді. Ол жайында ауыл тұрғындары да ой білдіріп, тіпті сайлау күнін жоғары деңгейде өтуіне барынша атсалысатындарын жеткізді. Бүгінгі таңда Қарнақ ауылындағы 5 сайлау учаськесі сайлау науқанын өткізуге әзір. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында елдегі әлеуметтік және саяси мәселелерге кеңінен тоқталғаны мәлім. Соның ішінде ауыл әкімдерін сайлау туралы бастаманы ұсынды.

Енді ауыл әкімін халықтың өзі таңдайтын болады. Айта кетейік, биылғы ауыл әкімдерін сайлау Түркістан облысы бойынша 63 ауыл округінде өткізілетін болса, соның ішінде Кентау қаласына қарасты бір ауылда сайлау болады.