Home Басты жаңалықтар Түркістан әуежайының ерекшеліктері

Түркістан әуежайының ерекшеліктері

Түркістан халықаралық әуежайы “Түркістан-Талдықорған” әуе бағытымен толықты. Билет құны – 8000 теңгеден басталады. Осымен рейс бағыттары 15-ке толығып отыр.Бүгінде әуежайдан халықаралық және ішкі бағыттар бойынша әуе рейстері орындалуда. Олар: 1) «Түркістан-Стамбул» – аптасына 4 рет (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі); 2)«Түркістан-Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);3)«Түркістан-Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі); 4)«Түркістан-Нұр-Сұлтан» – күнделікті; 5)«Түркістан -Алматы» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі); 6)«Түркістан-Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма); 7)«Түркістан-Семей» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма); 8)«Түркістан-Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма); 9)«Түркістан-Қарағанды» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі); 10)«Түркістан-Көкшетау» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі); 11)«Түркістан-Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі); 12)«Түркістан-Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі); 13)«Түркістан-Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі); 14)«Түркістан-Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі); 15)«Түркістан-Талдықорған» – аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі). Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz. probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады.