Home Басты жаңалықтар Түркістан: 9374 тонна ет экспортталған

Түркістан: 9374 тонна ет экспортталған

Түркістан облысы Сайрам ауданының кәсіпкерлері биылғы жылдың алғашқы 6 айында алыс-жақын шетелдерге жалпы көлемі 9374 тонна ет экспорттаған.

Экспортталған еттің 8571 тоннасы ірі кара мал еті, 803 тоннасы қой еті.

Мәселен, қазірдің өзінде аудан көлемінде 1012 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Бұл алаңдар бір мезетте 42 мың бас малды бордақылауға қауқарлы. Одан бөлек, ауданда мал сою және ет өңдеу цехтары да жолға қойылған.

Мысал ретінде «Қайып Ата» мен «Nurym Group» серіктестіктерін айтуға болады. Қос фермада дамыған елдердің соңғы үлгідегі құрал-жабдықтары мен ет өндіру, өңдеу саласының озық технологиясымен жұмыс істейді.