Home Басты жаңалықтар Түркістан: 46 үйдің күрделі жөндеуіне қаржы бөлінеді

Түркістан: 46 үйдің күрделі жөндеуіне қаржы бөлінеді

«Өңірлерді дамытудың 2020 -2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 2021-2022 жылдарға 46 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы 1620 пәтер иесінің өмір сүруіне қолайлы жағдай қамтамасыз етіліп, коммуналдық инфрақұрылым жақсартылады.

Оның ішінде 45 көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен қаржы қарастырылуда. Қала әкімі тапсырмасына сәйкес 46 үйдің құрылыс жұмыстары тамыз айына дейін басталып, жылу маусымына дейін дайын болу қажеттігін атап өтті.Жалпы Түркістан қаласында 154 көп қабатты тұрғын үйлер бар.

Оның ішінде 105 коп қабатты тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасына тіркелген. 2012-2018 жылдар аоалығында 55 көп қабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткен.Қазіргі таңда 46 көп қабатты үйдің 1 не ғана қаржы қарастырылған қалған 45 үйге қаржы 2022 жылы Республикалық бюджеттен бөлінеді деп жоспарлануда.