Home Басты жаңалықтар Түркістан: 2021-2025 жылдар аралығында таза су мәселесі түбегейлі шешіледі

Түркістан: 2021-2025 жылдар аралығында таза су мәселесі түбегейлі шешіледі

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысында биыл 60 сумен жабдықтау нысандарының құрылысына бюджеттен жалпы 12,7 млрд. теңге бөлінді.

Жыл қорытындысымен ауыз сумен қамтылған елді мекендердің жалпы саны 710 жетіп, қамту көрсеткіші 93,3% құрайды деп жоспарлануда. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Сессияның күн тәртібінде облыс басшысының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы туралы есебі тыңдалды. Тазза сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазығұрт ауданында Өгем өзенінде каскадты ГЭСпен бірге су құбырының құрылысы жобасы іске асырылады. Жоба құны 130 млрд.теңге. іске асыру мерзімі 2021-2025 жылдар. Құрылыс барысында 500 жұмыс орны ашылады. Бюджет қаржысы есебінен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.

Жоба іске асырылғанда облыста оңтүстік аймақтарындағы 1 млн. адамды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы алдағы 5 жылда елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылы 100-ге жуық табиғи газ нысанының құрылысын жүргізуге бюджеттен 14,4 млрд. теңге бөлінді. Жылдың қорытындысымен 13 нысанның құрылысын аяқтап, жалпы газбен қамтылған елді мекендер саны 444 жеткізу жоспарлануда. Қақпақ, Таскескен АГРС іске қосылып, Қазығұрт және Сарыағаш аудандарында 13 елді мекенге газ қосылды. 5 жылда газбен қамту деңгейін 85,4% жеткізу немесе 722 елді мекенге қамтамасыз ету жоспарлануда.