Home Басты жаңалықтар Түркиялық журнал Түркістан туралы арнайы топтама шығарды

Түркиялық журнал Түркістан туралы арнайы топтама шығарды

Басылым  «Яссауи жолының сыры, Түркі әлемінің жүрегі  – Түркістан» атымен жарық көрді деп хабарлайды dingek.kz порталы egemen.kz газетіне сілтеме жасап.

 128 беттен тұратын журналға Түркия президентінің Бас кеңесшісі  Ялчын Топчының, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымыныңы Бас  хатшысы  Дүйсен  Қасейіновтың, ҚР Түркиядағы елшісі  Абзал Сапарбекұлының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың және  түркиялық белгілі ғалымдардың мақалалары  мен сұхбаттары топтастырылған.

Түркі  әлемінің  зиялылары Түркістан қаласының өткені мен бүгіні және болашағы жайында сыр шерткен. Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің  зерттеушісі Фатма Сөнмез Түркиядан арнайы киелі Түркістанға барып, қасиетті жерлерін аралап көлемді мақала  жазған.