Home Басты жаңалықтар Тіл мамандарына арналған «Поэзия әлемі» байқауы өтті

Тіл мамандарына арналған «Поэзия әлемі» байқауы өтті

«Поэзия әлемі» – ұстаз шығармашылығы 2022 жылға арналған жоспарға сәйкес «Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» ММ әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен тіл мамандарына арналған «Поэзия әлемі» байқауының аудандық кезеңі 2022 жылы 21 ақпан күні өтті. Байқаудың мақсаты: мектеп педагогтері арасында ақын жазушылардың шығармаларын (А.Байтұрсынов 150 жыл, Ы.Алтынсарин 180 жыл, Ж.Жабаев 175 жыл, А.Бөкейхан 155 жыл, Д.Нурпеисова 90 жыл, М.Мақатаев 90 жыл) насихаттау, ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, ақынның рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, ұлттық құндылықтарға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру. Міндеттері: – шығармашылықпен шұғылданатын педагогтерді ынталандыру, қолдау;- озық педагогикалық тәжірибені тарату;- педагогтердің үздік шығармаларын әдістемелік жинаққа енгізу. Осыған орай, «Поэзия әлемі» атты байқау екі бағытты қамтып, ұстаздарымыз «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» айдарымен ғылыми жоба жұмысын қорғауда сайысқа түсіп, өзінің сүйікті ақын-жазушыларының өлеңдерін жатқа оқудан жарысты.