Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: Құтқарушылар боранда жолда қалып кеткендерді құтқарды

ТҮРКІСТАН: Құтқарушылар боранда жолда қалып кеткендерді құтқарды

Түркістандық құтқарушылар 38 ересек адам мен 4 баланы жол жөнекей тұрғылықты мекен-жайларына жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

“Түркістан облысының бірнеше аудан, қаласында ауа-райының күрт нашарлап, шаңды дауыл тұруына байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз! Қазіргі таңда төтеше жағдай мамандары, өрт сөндіру, аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр”, – деп хабарлайды Түркістан облыстық ТЖД қызметкерлері. Атап өтсек, Берген мен Қаражантақ тас жол бөлігіндегі шаңды дауыл салдарынан автокөліктердің қозғалысы баяулап, кептеліс орын алған. Төтенше жағдайлар қызметінің 1 ауысымды жұмыс көлігі жеке құраммен шығып, жолда қалып кеткен 38 ересек адам мен 4 баланы жол жөнекей тұрғылықты мекен-жайларына жеткізді. Табиғаттың тосын мінезінен Түркістан облысындағы Қаражантақ, Саналы, Бөген, Төрткүл ауылдарында болған қолайсыздықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Дауылды ауа-райында тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!