Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 30 АДАМДА COVID-19 ІНДЕТІ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 30 АДАМДА COVID-19 ІНДЕТІ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы «жасыл аймақта» тұр. Өңірде соңғы тәулікте 30 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,19% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 090 542 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 593–і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 151 жағдай тіркелді. Олардың 7603-де ауру симптомсыз өткен болатын. Түркістан облысында 973521 адам екпе қабылдады. Өңірде өз еркімен соңғы тәулікте 372 адам вакцина қабылдаған. Облыста екінші компонентпен 882408 адам вакцина алды.Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.