Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы Қазыбек би көшесінің бойында сенбілік болып өтті. Аталмыш секторға жауапты болып бекітілген облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев бастаған мекеме ұжымы мен басқармаға қарасты “Жастар ресурстық орталығы”, “Ақпараттық талдау орталығы”, “Қоғамдық келісім” КММ-лері қызметкерлері көше бойын қалдық қоқыстардан тазартып, егілген ағаш көшеттерін күтіп баптады. Нәтижесінде 70-ке жуық жарамсыз болған ағаш көшеттері жаңартылып, қоқыстар тиісті орындарға шығарылды.Сонымен қатар, облыстың 16 аудан, қалаларындағы “Жастар ресурстық орталығы” мекемелерінің қызметкерлері эко-акция өткізіп, әр аумақта тал егу рәсімдерін өткізді. Жалпы облыс бойынша қазан айының басынан бері 8 мыңға жуық ағаш көшеттері егілсе, бүгінгі сенбілік аясында 925 түп ағаш отырғызылды. Аталмыш акция жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.