Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ ДАУЫЛДЫ БОРАННАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН АДАМДАРДЫ ҚҰТҚАРДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ ДАУЫЛДЫ БОРАННАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН АДАМДАРДЫ ҚҰТҚАРДЫ

Түркістан облысының бірнеше аудан, қаласында ауа-райының күрт нашарлап, шаңды дауыл тұруына байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз! Қазіргі таңда төтеше жағдай мамандары, өрт сөндіру, аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Берген мен Қаражантақ тас жол бөлігіндегі шаңды дауыл салдарынан автокөліктердің қозғалысы баяулап, кептеліс болды. Төтенше жағдайлар қызметінің 1 ауысымды жұмыс көлігі жеке құраммен шығып, жолда қалып кеткен 38 ересек адам мен 4 баланы жол жөнекей тұрғылықты мекен-жайларына жеткізді.Табиғаттың тосын мінезінен Түркістан облысындағы Қаражантақ, Саналы, Бөген, Төрткүл ауылдарында болған қолайсыздықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Дауылды ауа-райында тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз!