Home Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР САЛАСЫНДА 500 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ҮНЕМДЕЛГЕН

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР САЛАСЫНДА 500 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ҮНЕМДЕЛГЕН

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің мамандары 9 айда жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, 73 қылмысты анықтаған. Оның 55-сі сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстар. Бұл туралы департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Ильясұлы мәлімдеді.Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмысының басым бөлігі, яғни 15-і — тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы саласына тиесілі. Ал, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау салаларында —12, полиция органдарында — 11, білім беру және құрылыс салаларында 10 қылмыс анықталған.«Өңірімізде жыл басынан бері бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша 25 қылмыс анықталған. Зерделеу барысында бұл қылмыстар мемлекетке 561,1 млн тенге көлемінде залал келтірілгені білгілі болған. Тиісті жұмыстардың нәтижесінде 336 млн тенге мемлекетке қайтарылып, яғни 59,9 пайызы өндірілді», – деді Н.Ильясұлы.Сондай-ақ, Н.Ильясұлы департамент тарапынан жүргізіліп жатқан мемлекеттік сатып алу мониторинг нәтижелерімен де бөлісті. Яғни, әлеуметтік желілерде жарияланған материалдарға, мемлекеттік сатып алулар бойынша жоспарланған соманы көтеру тәуекелдеріне қарсы жұмыстарының нәтижесінде 9 айда 512 млн. теңгеден астам қаржы үнемделген. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе қылмыстың алдын алуға өзге де жолмен жәрдемдескен 9 тұлғаға жалпы 1,8 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілген. Call-орталығы арқылы 5 қылмыстық іс тіркелген. Келіп түскен 2 хабарлама бойынша сот үкімі шығып, жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтар ақшалай марапатталды.