Home Басты жаңалықтар Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ҚОЙЫЛЫМ БЕРДІ

Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ҚОЙЫЛЫМ БЕРДІ

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры Хұсейін Әмір-Темірдің “I LOVE AYYL” комедиялық қойылымын ұсынды.


Мерекелік қойылымға  қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Басқосу барысында Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Еркінұлы театр тарланы Р.Сейтметов негізін қалаған 19 жылдық тарихы бар театр қызметкерлері мен көрермендерін төл мерекемен құттықтады.


-” Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов “Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі” десе, қазақтың әйгілі актері Шәкен Айманов “Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын” деп атап өткені белгілі.

Қазақтың театр өнері дара тұл­ға­ларға, дарындарға бай. Талантына табындырған небір саңлақтар, суреткерлер ұлттық сахнаға ұла­ғатты әсер сыйлады. Киелі Түркістан қаласынан қанат қаққан, туған топырақта еңбек еткен барша сахна саңлақтарының мәдениет және өнер кеңістігін кеңейтуге қосқан үлестері зор. Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театры да қаншама шәкірттің бойына өнер дәнін егіп, дарынға қанат бітірді.  Бүгінгі қойылымның да маңызы ерекше. Театр әртістері барша көрерменді өнерлерімен тәнті ете білді. Театр ұжымына шығармашылық табыс пен шабыт тілеймін!”,-деген Нұрдәулет Еркінұлы іргелі өнер ордасының басшысы ҚР Мәдениет қайраткері Ержан Ибадуллаұлы мен бірқатар ұжым қызметкерлерін мерекемен құттықтап, арнайы алғыс хат табыстады.
Кеш соңында театр әртістері әннен шашу шашып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.