Home Басты жаңалықтар Кентауда “Білімді ұлт-сапалы білім” жобасы аясында форум өтті

Кентауда “Білімді ұлт-сапалы білім” жобасы аясында форум өтті

Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Қашқари атындағы мектеп-лицейінде Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Кентау қалалық жастар ресурстық орталығы және М.Қашқари атындағы мектеп-лицей әкімшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен “Жаңа Қазақстан-жаңа жастармен” атты тақырыпта мектептердің өзін-өзі басқару ұйымы президенттерінің, фракция мүшелерінің және педагог-ұйымдастырушылардың қатысуымен форум өткізілді.

Форумның мақсаты: “Білімді ұлт-сапалы білім” жобасы аясында балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстарын жандандыру, қала мектептері президенттерінің бірлесіп жұмыс жасауына ықпал ету. Форумның модераторы: Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Күзенбаева Нұрипа. Форумның ашылуында Кентау қалалық жастар ресурстық орталығының директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Бекметов Қанат, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы “Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы” әдіскері Сейтінбетов Мағжан, М.Қашқари атындағы мектеп-лицейінің директоры, Сауран аудандық мәслихатының депутаты Асаев Артур кезекпен сөйлеп, форумға қатысушыларға сәттілік тілеп, форумның мақсат, міндеттерімен таныстырды. Форум барысында қатысушылар үшін “Ынтымақтасқан орта” (Өзара танысу) психологиялық тренинг өткізілді. “Nova Education” компаниясының менеджері Рамазанов Алмаз “ЖОО таңдау әдістері және шетелдегі мүмкіндіктер” атты тақырыпта презентация, баяндама жасап, оқушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауаптар берді. Оқушылармен ұстаздар “Шамат Ишан” мұражайына және Қарнақ ауылының көне тарихи орындарына саяхат жасады. М.Қашқари атындағы мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Ядигаров Алижан “IELTS және SAT тестерін тапсыру”, М.Қашқари атындағы мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Маменов Тұрар “Жаңарған жастар: көшбасшылық құндылық пен жеке бренд” атты тақырыптарда презентация, баяндамалар жасады. Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Күзенбаева Нұрипа, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы “Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы” әдіскері Сейтінбетов Мағжан, Кентау қалалық жастар ресурстық орталығы “Талантты жастарды қолдау” бөлімінің басшысы Бақыт Мыңбай форумды ұйымдастырушыларға, қатысушыларға өз алғыстарын білдірді. Форумға Түркістан қаласы және Сауран ауданындағы мектептерден ұстаздар мен оқушыларда қатысты.