Home Басты жаңалықтар КЕНТАУДА: ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА «ДОСТЫҚ КӨПІРІ» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

КЕНТАУДА: ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА «ДОСТЫҚ КӨПІРІ» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Кентау қаласы Қарнақ ауылында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қарнақ өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Достық көпірі» тақырыбында қайырымдылық мерекелі шарасы өтті. Игі шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының консультанты Бейсен Самбетов, сондай-ақ Жүйнек және Қарнақ ауылының ақсақалдары, кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Айтулы шарада облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, қала әкімінің орынбасары Ақнұр Нұралықызы мағынасы кең, достықтың үрдісіне айналған Алғыс айту мерекесімен құттықтады. Қайырымдылық шарасына қолдау көрсеткен жомарт жандарға алғысын білдірді. Сонымен қатар партия филиалының консультанты Б.Самбетов партияның “Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ” жобасы аясында қайырымдылық іс шарасын ұйымдастырған «Қарнақ өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, белсенді партия мүшесі Бегзат Хабибовке және Дастан Абдалиевке алғысын білдіріп, бірлік пен татулықты нығайтуға қосқан үлесі және қайырымдылық шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін партия филиалының атынан Алғыс хатпен марапаттады.

Іс-шара барысында 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында 2022 жыл – балалар жылы деп жариялануына орай, аз қамтылған 30 отбасының балаларына сыйлықтар үлестірілді. Нақтырақ айтсақ, 80 балаға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтар мен тәттілер тарту етілді. Іс-шарада балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, концерттік бағдарлама ұсынылды.