Home Басты жаңалықтар Кентау қаласының орталықтандырылған кітапханаcында кездесу өтті

Кентау қаласының орталықтандырылған кітапханаcында кездесу өтті

Кентау қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Кентау қаласының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті және Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясы әкімшілігінің бірлесіп “Ауғанстан әрі естелік, әрі дерт” атты тақырыпта Ауған соғысының ардагері Мусаев Әлімжан ағаймен кітапханада кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Әлімжан ағайдан басқа Кентау қаласының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің заңгері Тұрысметов Давран, Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Омаров Ерлан, Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омаров Тұрар, педагог-ұйымдастырушы Кентербаева Ақшолпан, 7 “ғ”, 8 “ғ”, 8 “г” сынып оқушылары және орталық кітапхана қызметкерлері қатысты. Кездесу мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағамызбен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Оқушыларға отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Жиналғандар ауыр соғыста ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Тұрысметов Давран кәсіподақ комитеті атынан ардагерге ізгі тілегін жеткізіп, сый-құрмет көрсетті. Омаров Ерлан жастарға бейбіт заманында әскерге аттанып, Ауғанстан жеріндегі сұм ажалмен алысып, қанша қиындықтар мен қорқынышты кезеңдерді бастан кешіп, елге аман-есен оралған ауған соғысы ардагерлеріне зор денсаулық тіледі. Шараға қатысқан Мусаев Әлімжан ерлік туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды. Омаров Тұрар 1979-1989 жылғы Ауған соғысының тарихын айтты. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, түрлі оқиғаларды тыңдап, осы кездесуден көп жақсы әсер алды. Кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Юлдашева Мархамат келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған кітаптар көрмесімен таныстырды. Мектеп әкімшілігі атынан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.