Home Басты жаңалықтар КЕНТАУ МЕКТЕБІНДЕГІ ҚЫСҚЫ БАҚ

КЕНТАУ МЕКТЕБІНДЕГІ ҚЫСҚЫ БАҚ

Кентау қаласындағы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Хантағы ауылындағы А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектебінде оқушыларға арнайы қысқы бақ және шахмат, дойбы үстелдері жасалып, қазір қолданыста.

Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі-сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары. Тәрбие жұмысында жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыны жан-жақты дамыту негізгі орын алады. Оқушыны дамытуға оқыту, білім беру, тәрбиелеу үрдістері өзара бірлікте жүргізілгенде ғана  қол  жеткізуге болады. Сондықтан, осындай қосымша қысқы бақ пен шахмет, дойбы үстелдері оқушылардың қоңырау кезіндегі уақыттарын тиімді өткізіп, олардың дамуы үшін жасалынған.