Home Басты жаңалықтар ЮНЕСКО мойындаған Түркістан

ЮНЕСКО мойындаған Түркістан

Түркістанның ең құнды жауһары – Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары ЮНЕСКО назарында. Қала әкімі Рашид Абатұлы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен онлайн бейнебайналыста ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті мүшелерімен тілдесті.

ЮНЕСКО халықаралық ұйымының Бүкіл әлемдік мұра комитетінің Азия және Тынық мұхиты өңірі бөлімінің басшысы, Халықаралық деңгейдегі сарапшы Фенг Джинг төрағалығымен өткен бейнебайланыс 3 сағатқа созылды. Онда Түркістан қаласының мүмкіндігін тиімді пайдалану туралы айтылды. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесі айналасын әлемдік мұра ретінде қайта жаңғырту тақырыбы көтеріліп, қатысқан 48 сарапшы іске асып жатқан жұмыстардың оң бағытта екендігіне қолдау білдірген.