Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының 23 жылдығы, Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай ұйымдастырылған байқауға «Jas Otan» жастар қанатының Жетісай аудандық филиалы мүшелері мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының, Жетісай ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық шығармашылық орталығының қызметкерлері, қпзпқ эстрадасы жарық жұлдыздарының бірі, «Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев қатысты.
«Бала – біздің болашағымыз. Ұлтымыздың, ұрпағымыздың жалғасы, отанымыздың ертеңгі күні иелік етер тұлғалары. Олардың болашағының жарқын болуына, ұлтжанды, отансүйгіш болып өсуіне біз тікелей жауаптымыз. Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шара бүлдіршіндеріміздің қиялдарына қанат бітіріп, патриоттық сезімдерін оятарына сенемін. Барша қатысушыға сәттілік тілеймін!» деген әнші Ердос Қанаев жетісайлықтарды «6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласы күні» мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар, бүлдіршіндермен естелік
суретке түсіп, асфальтқа «БӘЙТЕРЕК» монументінің суретін салды. Нұр-Сұлтан
қаласын тек теледидар мен фотосуреттерден ғана көрген қатысушылар барынша
суреттерге жан бітіруге тырысты. «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» тақырыбында өткен
сурет салу байқауына 30-ға тарта бүлдіршіндер қатысып, өзара мықтыларды
анықтады. Оқушылардың сурет салу шеберлігі мен тақырыпқа сәйкестігі басты
назарға алынған конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды «Амангелді»
атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ақжусан Паташ пен «Қазыбек би» атындағы
жалпы орта мектебінің оқушысы Таңнұр Каналқұл иеленсе, ІІ орын «Жеңіс»
мектеп-гимназиясының оқушысы Ұлбала Көпжанға бұйырды. Ал, І орынды «Қызыл таң»
атындағы жалпы орта мектебінен Жанерке Тәжібай қанжығасына байлады. Жеңімпаздар
мен барлық қатысушылар ұйымдастырушылардың дипломдарымен және бағалы
сыйлықтарымен, арнайы медальдармен марапатталды. Айта кетейік, ұйымдастырушылар
есебінен барлық қатысушылар мен жетекшілеріне, ата-аналарына мерекелік
балмұздақтар мен тәтті сусындар үлестірілді.