Home Басты жаңалықтар ”ЭРУДИТ” БІЛІМ САЙЫСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

”ЭРУДИТ” БІЛІМ САЙЫСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«Эрудит» инттеллектуалды ойынының Сайрам ауданында екінші рет өтуіне « NurOtan» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Бекжан Бақтыбекұлы мен Динара Асылқызы демеушілік жасап, жастарға қолдау білдірді. Өткен жылдың соңында алғаш рет өткізіліп, 19 команда қатысқан болатын. Ал бұл жолғы зияткерлік сайысқа 22 команда қатысты. Демек, логикалық сұрақтар, интеллектуалды ойындарға көпшіліктің қызығушылығы жоғары деген сөз. Ақсу ауылы, «Diamond» салтанат сарайында өткен ойын өте тартысты өтті. Аудан аумағындағы мектептерден, колледждерден келген мұғалімдер мен жастар, Шымкент қаласы мен көрші аудандардан командалар қатысты. Қатысушылар командалардың саны мен мүшелердің жасына шектеу қойылмаған. Ең үлкен қатысушының жасы 80-де. Таласты да тарысты өткен сайысты Бәйдібек ауданынан келген «ВВС» командасы бірінші орын алды. Екінші және үшінші орындарды ауданымыздың Шойынбаев ЖОМ мен Байтұрсынов ЖОМ мектептері командалары иеленді.Іс-шара «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құралған ерікті жастар мен «Жас отан» жастар қанатының белсенділерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Осы орталық басшысы Хамраев Жаңабек мырзаға алғысымыз шексіз. Білекті бірді, білімді мыңды жығады демекші білімділер мықтылығын көрсетті.