Home Басты жаңалықтар “Интеллект баттл” жобасы жалғасуда

“Интеллект баттл” жобасы жалғасуда

“Интеллект баттл” жобасы жалғасын тауып 2022 жылдың қысқы маусымы өткізілді. Естеріңізде болса алғаш рет бұл жоба 2021 жылдың желтоқсан айында ұйымдастырылған болатын. 7 кезеңнен құралған ойынға бұл жолы 12 команда қатысып, өзара бақ сынады.

9

Кіл мықтының арасынан ең мықтыны анықтадық. Нәтижесінде 3-орынды Кентау қалалық әкім аппаратынан құралған “Әкім аппараты” командасы, 2-орынды Сауран аудандық әкімдігінен келген “Сауран 21” командасы, 1-орынды Кентау қаласының кәсіпкерлерінен құралған “Қыран” командасы иеленді. Жеке баттлға шығып өздерінің білімді әрі жүйрік екендіктерін айқындап “ең үздік ойыншы” номинациясын “Сауран 21” командасының ойыншысы Асхат Ануарбек, “Қыран” командасының ойыншысы Айдос Зубайра, “Әкім аппараты” командасының ойыншысы Гүлдархан Серікқызы, “Абай жолы” балабақшасының құрамасы “Абай жолы” командасының ойыншысы Ғазиза Жанғалиқызы, Ораңғайдан келген “Шамшырақ” командасының ойыншысы Дүйсенкүл Аманжолова, Түркістан облыстық басқармаларының құрамасы “Айбын” командасының ойыншысы Рысалды Оңғарқызы Нәлжігітова жеңіп алды. Зияткерлік кеш өте қызықты әрі тартысты өтті.