Home Басты жаңалықтар Бәйдібекте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиада жеңімпаздары анықталды

Бәйдібекте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиада жеңімпаздары анықталды

2022 жылы 18 ақпанда оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімін жетілдіру, дарынды балаларды анықтауды мақсат тұтқан білім додасында үздік оқушылар анықталды. Олимпиадаға аудан мектептерінен 9-11 сыныпта оқитын 27 оқушы қатысты. Қатысушылар эссе жазып, талдау жұмысын орындаудан сайысқа түсті. Нәтижесінде зияткерлік және шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленген «Сарыбұлақ» жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жұмахан Алуа, М.Әуезов атындағы ІТ лицей мектебінің 10-сынып оқушысы Есбай Жансұлу, О.Тайманов атындағы жалпы орта мектептің 9-сынып оқушысы Уәлихан Ақмаржан І орын иеленді. Жүлдегер атанған оқушылар облыстық олимпиадаға қатысады.Олимпиаданы ұйымдастыру барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білікті, жоғары санатты, тәжірибелі мұғалімдерден құралған қазылар алқасы оқушылардың білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бағалады. Олимпиаданың әділетті өтуі үшін қазылар алқасының құрамы іріктеуден өткізіліп, қатысушылардың жұмыстары қазылар алқасына алдын ала шифрланған және сканерленген түрде ұсынылып, бақылау құрылғылары арқылы жұмыстар жүргізілді.