Home Басты жаңалықтар Артық білім кітапта

Артық білім кітапта

“Бала – өмірдің көркі, қызығы” деп дана қазағымыз текке айтпаса керек-ті. Өзінің көрегенділігі, балалардың болашағына деген ыстық ықыласы, жас жеткіншектердің ертеңіне аландайтын, олардың өз қатарларынан кем болмай өсіп, оқуын қалайтын ауданның бірінші басшысының тағы бір жақсы қасиетімен таныдық.

14 – ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Қазығұрт Ауданының әкімі Арман Айдарұлына Диқан Жалпы Орта Мектебінің 10 – сынып оқушысы, мектептің “Өзін – өзі басқару ұйымының” президенті Әбдіқадыр Әлия Талғатқызының кітапхана қорын жаңа заманауй кітаптармен толықтыру жайлы өтінішін назардан тыс қалдырмай, мектеп оқушыларын қуанышқа бөледі. Мектептің кітапхана қоржынына қазақ әдебиетінің жауһарларынан тыс, әлем әдебиетінің классиктерінің 50 ге жуық кітаптарымен толықты. Ардагерлер кеңесі жанынан құралған Әжелер алқасының сыйы қуанышты еселеді. Әжелер алқасының сыйға тартқан 30 кітабының ішінде қазақ даласындағы кемеңгер басшылар жайлы кітаптар және қазақтың ақын, жазушыларының үздік шығармалары қамтылған. Іс – шараға қатысқан белсенді, озат оқушылар өзгелерден озық болудың, өмірді жеңілдетудің, білімді арттыра түсудің жалғыз жолы – кітап оқу, оқығанды өмірде қолдану екендігін көңілдеріне түйіп тарқасты. Мектептің кітапхана қоры бір күнде 85 кітаппен толықты.