Home Басты жаңалықтар Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау бағытында кеш өтті

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау бағытында кеш өтті

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінде жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі болып өтті. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау және оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру , өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізе білуге баулу мақсатында өткен бұл байқауға аудандық байқауда жеңімпаз деп танылған үш оқушы қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленіп жүлделі орындарды иеленіп қайтты.Айта кетейік, С.Асанов атындағы №38 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ахназарова Айдана Мырзаханқызы «Жыр эстафетасы» ақын поэмаларын жатқа айту айдары бойынша І орынди иеленді.№11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Ниязбек Айзада Асқарбекқызы «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» өз шығармашылығы айдарында ІІІ орынды иеленді.Ш.Құдайбердиев атындағы №32 жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Тәжімағанбет Фариза Бердібайқызы «Айтып өткен ақында арман бар ма? » ақын өлеңдерін жатқа оқу айдарында Алғыс хатпен марапатталды.