Home Басты жаңалықтар «AMANAT» ПАРТИЯCЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНА АТҚАРУШЫ ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«AMANAT» ПАРТИЯCЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНА АТҚАРУШЫ ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев және Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың қатысуымен мәжіліс өтті. Партияның Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы лауазымына Ғаппар Сәрсенбаев тағайындалды. Бұған дейін осы қызметте 13 жыл абыроймен еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Темірбаев Алмасбек Мейірбекұлына алғыс айтылды.

Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы
1974 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Мамандығы бойынша экономист. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.
Сондай-ақ Шымкент Академиялық инновациялық университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Түркістан «Жолаушы» АҚ келісімшарт арқылы Президент көмекшісі болып бастаған.
1998-2006 жылдары Түркістан «Жолаушы» АҚ келісімшарт арқылы атқарушы директоры қызметін атқарған. 2006 жылы Түркістан қалалық автовокзал директорының орынбасары, 2007-2013 жылдары «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қараушысы, қорықшысы және инспекторы лауазымдарын атқарған. 2015-2016 жылдары V шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы, 2016-2021 жылдары VI шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болған.

Жиын барысында Б.Тәжібаев қалалық партия филиалының жанынан референдумды қолдау бойынша құрылған штабтың алда атқарылуы тиіс жұмыстарды атап, ел үшін маңызды кезеңде жауапкершілікпен бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.