Home Басты жаңалықтар

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ТЕГІН ӘРІ САПАЛЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҮЙРЕТІЛЕДІ

Кентау қалалық жастар ресурстық орталығында ағылшын тілі курсы ашылып, өз жұмысын бастады. Ағылшын тілі тегін әрі сапалы деңгейде үйретіледі.

Бүгінгі таңда, жедел экономикалық даму жағдайында, егер сіз ілгері қадам басқыңыз келсе, ағылшын тілін білудің маңызы зор. Жұмыста қолданылатын ағылшын тілінің күнделікті ауызекі тілден айырмашылығы бар екенін біз білеміз, сондықтан біздің тегін курс жұмыста тіл білуге қойылатын талаптарды ескере отырып әзірленген. 

Бұл курс ағылшын тілін үйреніп жүрген және мансап сатысымен одан әрі өрлеу үшін тіл білудегі машықтарын дамытқысы келетін адамдарға арналған. Ол сондай-ақ мансап сатысының ең алғашқы баспалдақтарында тұрған және тіл білуін жақсартқысы келетін жастарға да қолайлы.