Home Әлеумет ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында карьерлерге партиялық бақылау жүргізілді. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары К.Әуен, Н. Атаева, Сауран ауданы мәслихатының хатшысы М.Күнпейсов, Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Т.Қыдырбаев, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы Қ.Керімжанов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков, Шорнақ ауылының әкімі Б.Баймұратов, Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан С.Джанасбаев, аудандық кәсіпкерлік және туризм, аудандық жер қатынастары бөлімдерінің мамандары бастаған жұмысшы топ өкілдері жер қойнауын пайдаланып жатқан объектілердің жұмыс барысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аудан көлемінде 22 кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін орындар (бұдан әрі-Карьер) рұқсат құжаттары алынған, оның ішінде 1-уі уақытша тоқтап тұр (АО «СПК Туркестан» ПГС контракт №555 БИН 110740015540, жердің мемлекеттік қабылдау актысы болмауына байланысты уақытша жұмысын тоқтатқан), қалған 21-і жұмыс жасауда.

Сонымен қатар аудан көлемінде жер қойнауын барлауға 48 орынға рұқсат алынған.
Аудандық жұмысшы топ құрылғалы бері 30 рет аралау жұмыстарын жүргізіп, 10 рет жұмысшы топтармен жиналыс өткізілгендігі анықталды.
Бүгінгі зерделеу жұмыстарында жер қойнауын пайдаланушыларға заң талаптарын сақтап жұмыс жүргізу ескертілді.
Карьерлерде мониторинг жұмыстарын аудандық партия филиалы аудандағы жұмысшы топпен бірлесіп алдағы уақытта да жалғастыратын болады.