Home Әлеумет ЖАСТАР ТАҚЫРЫБЫ ҚАШАН ДА ӨЗЕКТІ

ЖАСТАР ТАҚЫРЫБЫ ҚАШАН ДА ӨЗЕКТІ

Жыл басынан бері Түркістан қалалық “Жастар ресурстық орталығы” бірқатар игі істерді қолға алды. Бірқатар жаңа меморандумдар арқылы түрлі бағытта жобалар жүйелі жүзеге асуда. Атап айтқанда, «Жастар ресурстық орталығы» мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Түркістан қалалық Пробация қызметі бөлімі тарапымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.Меморандумның мақсаты-пробация қызметінің есебінде тұрған жастарға түрлі бағытта көмек көрсету, қайта даярлау курстарынан өтуіне ықпал ету арқылы қоғамдық жұмысқа орналастыру көзделген. Бұл меморандум қала жастарын патриоттыққа баулып, ой өрісін нығайтуға кепіл болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Еріктілер жылы 2020″ жылында олардың қоғамда атқаратын қызметін, бағытын атап көрсеткен болатын. Жоспар 7 бағыттан құралды. Қазіргі таңда, аталған бағыт бойынша “ASAR” волонтерлар тобымен бірге «Bilim», «Sabaqtastyq», «Saýlyq», «Taza Аlem», «Asyl мura», «Qamqor», «Úmit» жобалары бойынша көптеген шараларды жасалуда.«Birgemiz: Taza Аlem» жобасы арқылы «Таза қоғам-Таза қала», «Түркістаным-менің қалам», «Мен қаламның патриотымын» ұрандарын ұстанып, Түркістан қаласындағы орта арнаулы оқу орындарының белсенді жастары жаппай сенбілікке шықты.Сонымен қатар, «Жаңа бастамалармен жарқын болашаққа» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында белсенді жастардың ұсыныс, пікірлері тыңдалды. Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Ұлы Дала Елі орталығы» МКҚК-нің директоры Гүлжанат Ибраһимқызы және Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Меморандум аясында, қала жастары мен студенттері үшін семинарлар мен тренингтер, ғылыми тағылымдамалар және басқада шаралар ұйымдастыру қарастырылған.Және де тағы екі одақ құрылып, шаһар жастарын жан-жақты қолдаудың жобалары атқарылуда. Олар:Түркістан қалалық пікір-сайыс одағы, төрағалығына Арслан Атабек сайланды.”Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі және Түркістан облыстық “Студенттер Альянсы” бірігуімен – Түркістан қалалық “Студенттер Альянсы” құрылып, төрағасы ретінде Айбар Мырзагелді белгіленді.