Home Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының қолдауымен Түркістан жоғары медицина колледжінде «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында облыстық дебат турнирі өтті. Естеріңізде болса, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов студент жастардың саяси сауаттылығын, ораторлық қабілеттерін және сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында дебат қозғалыстарын жандандыруды және өзін-өзі басқаруды қолға алу қажеттігін айтқан болатын. Коммуникативтік құзіреттілікті дамытуға мүмкіндік беретін бұл зияткерлік ойындар кез-келген мамандық иесіне өте қажетті. Сондықтан барлық оқу орындарында дебат клубтарының саны артып, жастарға қолдау көрсетілуде. Пікірсайысқа Түркістан облысының техникалық және кәсіптік оқу орнының 34 командасы қатысты. Атап айтқанда, Кентау қаласындағы Арнаулы кәсіптік колледжі, Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі, Кентау көпсалалы колледжі, Кентау колледжі, Сарыағаш қаласынан «Арыстанбаб» жоғары колледжі, Сарыағаш медресе колледжі, Арыс қаласынан №17 колледж және Арыс гуманитарлық-техникалық колледжі, Шымкент қаласының «Болашақ» жоғары колледжі, Шымкент көлік колледжі, Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі, Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі, Жетісай №15 колледжі, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі және Жетісай жоғары медицина колледжі, Сайрам ауданынан А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі, Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі, Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Ескі Иқан ауылының Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі, Мақтаарал аграрлық колледжі және №14 колледж, Ленгер қаласынан «Мейр-Бейс» жоғары медицина және №8 колледжі, Түркістан қаласынан Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі, Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжі, Төлеби ауданынан Түркістан көпсалалы техникалық колледжі, №1 колледж, Қазығұрттан №11 колледж, №12 колледж, Келес ауданынан №13 колледж, Шардарадан №16 колледж, №18 колледж, Бәйдібек ауданынан №19 колледж, Отырар ауданынан Д.Құрбанбек атындағы №20 колледждер өзара бақ сынады. Аталған іс-шараға Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас мамандары Нәлжигитова Рысалды Оңғарқызы, Умирбекова Мира Әбдікәдірқызы, облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Төлебаев Ерасыл, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, Түркістан қалалық маслихат депутаты Жұман Жансерік, Түркістан жоғары медицина колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдиханова Айгуль Каналбайқызы арнайы сөз сөйлеп, жалынды жастарға сәттілік тіледі. Жастардың көшбасшылық дағдыларын дамыту, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттерін, коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында өткен дебат Американдық парламенттік форматта жүргізілді. Дебат турнирін бас төреші Мауленова Гүлажар бастаған 17 төреші әділ қазылық етті. Іріктеуден өткен 8 колледждің фракциялары жартылай финалдық ойындарда қызу талқыға түсті. 1/4 финалда «Қазақ хандары мен батырларын насихаттаудың тиімді механизмін ұсынады», ал 1/2 финалда «БП ҚР әдемі жерлерде емес, қауіпті жерлерде туризмді дамыту бағдарламаларын жасауға басымдық беру керек деп есептейді», деген плей-офф қарарлары талқыланды. Шешуші финалда «БП жастар арасында патриоттық сезімді оятудың жаңа механизмін ұсынады» қарары талқыға салынды. Финалдық ойынға жолдама алған Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі мен Арыс гуманитарлық-техникалық колледжінің фракциялары шығып, ерекше ойын көрсетті. Нәтижесінде Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі І орын, Арыс гуманитарлық-техникалық колледжі ІІ орын, Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледжі ІІІ орын, Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжі ІV орынды иеленді. Жарысқа қатысқан барлық оқу орындары Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. І орын алған командаға естелік сыйлық және Қазақстанның «Қызыл Ай» жастарды дамыту департаментінің директоры Наби Маужанов жартылай финалдық ойынға қатысқан 8 фракция мүшелеріне арнайы сыйлықтар тапсырып, студент жастарды бүгінгі тартысты өткен турнирмен құттықтады. Студент жастар да өз тараптарынан бүгінгі пікірсайыстан ерекше әсер алғандарын жеткізді. Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласты.