Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҮЗДІК ДӘНЕКЕРЛЕУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҮЗДІК ДӘНЕКЕРЛЕУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Дәнекерлеу ісі бойынша офлайн форматта болашақ мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, оқу процессінде жаңа технологияларды қолдану, шығармашылық қабілетін жетілдіру, теория мен тәжірбиені ұштастыра отырып, кәсіптік құзыреттіліктерін нығайту, ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу, болашақ мамандардың шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту, біліктілігін арттыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алатын Шардара, Мақтарал, Келес,Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы аудандарындағы білім беру ұйымдарының 2-3 курс білім алушылар арасында Сарыағаш қаласының №12 колледжінде «WorldSkills Turkestan» облыстық чемпионатының тапсырмалары аясында «Үздік дәнекерлеуші» аймақтық байқауы болып өтті. Байқау тапсырмаларының орындалуын, қауіпсіздік ережелерін сақталуын және байқаудың нәтижесін бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар тағайындалып, шақырылды. Атап айтар болсақ:Шеризат Нұрғиса – №7 колледждің арнайы пән оқытушысы;Раимов Ихтияр – Д. Қонаев атындағы №25 колледждің арнайы пән оқытушысы;Кабулов Саттар- Шымкент қаласы Индустриалды техникалық колледждің арнайы пән оқытушысы;Менгалиев Төлеген – «Менгалиев Т» ЖК басшысы;Оразбеков Төрехан – «Менглиев Т» ЖК дәнекерлеу цехының ІV разрядты дәнекерлеушісі. Байқауға қатысушылар өз білімі мен біліктілігін көрсете біліп, жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломмен – №12 колледж студенті Темирчи-оғлы Ислам. Жетекшісі Есенов Данияр. ІІ дәрежелі дипломмен- №16 колледж студенті Боранбаев Ерсайын. Жетекшісі Жалтаев Уткир. ІІІ дәрежелі дипломмен-№11 колледж студенті Ербосын Оразхан. Жетекшісі Ақжол Мирас. Сонымен қатар үздік жұмыс нәтижесін көрсеткен: №14 колледж студенті Ысқақ Бекзат. Жетекшісі Мамаев Төлеген «Жаңашыл дәнекерлеуші», №18 колледж студенті Каурцов Александр. Жетекшісі Досымбеков Хаджимухан «Іскер дәнекерлеуші» номинацияларымен марапатталды.