Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖЕКЕ КӘСІП АШҚАН

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖЕКЕ КӘСІП АШҚАН

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Шұбар ауыл округінің тұрғыны Серік Мұратбек «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық несие алып өз кәсібін ашқан. «Серік» атты жеке тігін цехын ашқан азамат керекті құрал-жабдықтарын алып, өз үйінде тапсырыс қабылдап кәсібін дөңгелетуде. Тігіншілікті отбасылық кәсіпке айналдырған шеберлер құрақ көрпе, жасау, қыз жасауы секілді бұйымдарды дайындайды.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы аясында пилоттық жобаға қатысқан Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округі бойынша қазіргі уақытта 92 азамат несие алуға ниет білдірген. Оның ішінде облыстық «Ырыс» микроқаржы ұйымына 76 азамат несие алуға өтінім жолдаған. Бүгінгі күнге 60 азаматтың жобалары облыстық комиссия қарауынан өтіп, мақұлданған.

Осы орайда «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының мүмкіндіктері жайында кеңінен тоқтала кетсек.
– Бұл жобаның басты мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, жұмыссыздар санын азайту. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл облыста «Ауыл аманаты» жобасы аясында 6 бағытта жұмыс жүріп жатыр. Жоба шеңберінде 3 220 жоба қаржыландырылып, 3 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Іс бастаймын, кәсібімді кеңейтемін деген азаматтарға әрқашан қолдау болады, – дейді облыс әкімі.
Аталған жылыжай кешенінде лимон, қызанақ пен қияр және болгар бұрышы өсіріледі. 1998 жылы құрылған кешеннің аумағы – 9 гектар. Шаруа жер көлемін кеңейтіп, басқа да көкөністерді өсіруді қолға алуды көздеп отырғанын жеткізді.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында бюджеттен 19,8 млрд. теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді. Пилоттық жобаға 16 ауданнан 64 ауылдық округ енгізіліп, 75 жаңа кооператив ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 3220 жоба қаржыландырылып, 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады. Осы жобалар есебінен қосымша 30 млрд. теңгеге өнім өндіріледі. Келер жылға бағдарламаға 13,2 млрд. теңге бөлінбек.

Күнгей өңірде қарашаның қара суығына дейін дала өнімдерін тұтынуға мүмкіндік бар. Жерге қырау қатқаннан жылыжай көкөністеріне сұраныс артады. Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында қала аумағындағы жылыжай кешендерінде жұмыс қарқыны артқан. Жалпы жылыжайда көкөніс екі кезең негізінде егіледі. Алғашқы кезең үшін диқандар шілде мен тамыз айларында көкөніс көшетін отырғызса, қысқа қарай өнім бере бастайды. Ал, ерте көктемде өнім алу үшін шаруалар көшет жетілдіруді қаңтардан бастайды. Дәл қазіргі сәтте базарларда шеттен келген ауыл шаруашылығы өнімдері көбейгені жасырын емес. Нарық заманында сырттан әкелінген өнімдер бағасының арзандығынан отандық көкөністердің бәсекеге төтеп бере алмай жатқан жайы бар. Өйткені, жылыжайдағы өнімді өндіруге жұмсалған отынның шығыны біздегі көкөніс бағасына әсер етіп жатыр. Диқандар өнімдерін қала нарығына емес солтүстік өңірлер мен Ресейге тасымалдаған кезде ғана өз шығындарын өтей алады. Мәселен, көрші Өзбекстан мен Түркіменстанда электр қуаты мен табиғи газдың тарифі бізге қарағанда әлдеқайда төмен. Осы мәселені ескеріп, ҚР Ауыл шаруашылығы министріне жылыжай кешендеріне жұмсалатын отын шығынын субсидиялау ұсынысын жеткіздік. Бұл мәселе шешімін тапса, қыс мезгілінде көкөніс бағасының қолжетімді болуымен бірге, жылыжайда түрлі цитрустар мен орамжапырақтар, аскөк және қауын, қарбыз секілді өнімдерді өсіруге мүмкіндік туады.

Сондай-ақ, аталған жоба аясында Ауыл аманаты «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған және несиелер 2023 жылдан бастап беріледі деп жоспарланып отыр.   Жоба аясында қандай жеңілдіктер қарастырылған? «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. – несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін; – несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады; – номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету. Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Мәселен, бүгінде бірде-бір коммерциялық банкте ауыл тұрғындарында мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие бұл – өте тиімді. Сондықтан да ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік. «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы Нұркен Шарбиевтің айтуынша, ел тұрғындарының табысын арттыру мәселесін шешу «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.

«Ауылда 7,7 млн адам тұрады. Бұл – халықтың жалпы санының 41%-ы. Былтырғы дерекке сәйкес, ауыл және қала тұрғындарының ақшалай табысының айырмашылығы 38%-ды құрайды. «Ауыл аманаты» жобасы осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруға көмектесуге тырысамыз. Жобаның мақсаты мен міндетін түсіндіру үшін кең ауқымды 40 күндік ақпараттық марафон өткіздік. Мобильді топ құрамындағы тренерлеріміз 28 шілде мен 10 қыркүйек аралығында республикадағы 179 ауданның 425 ауылы мен ауылдық округінде 250 мың азаматты қамтыған кездесулер өткізді», – деді ол.

  Ауылдықтар жобаға үлкен үміт артып отыр Жобаға ауыл тұрғындарының да қызығушылығы зор болды. Олар ауылда өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін болған шағын кәсіптерін дамыта алатынына дән риза.

«Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Біз ауыл тұрғындарына мамандануға көмектесеміз. Айталық, барлық жерде бірдей қызылша өсіру немесе ірі қара мал жаю мүмкін емес. Жамбыл өңірінде тұрғындардың 68 %-ы атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатынан шықты. АӘК алуды жалғастыру немесе осы бағдарлама арқылы ақша таба бастау.  Тұрғындар осындай таңдау жасап жатыр», – деді партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Кәсіп ашуға немесе істі дұрыс жүргізуге мамандануға ауылдық округ әкімдері көмектесетін болады. Осы ретте «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауылдық округ әкімдеріне және «AMANAT»-тың аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларына арнайы курстар өткізді. Халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласында 2 346 адам курстан өтіп, білімін жетілдірді.

«Кооператив құру және өткізу тізбегін қалыптастыру бойынша тренингтер өткізілді. Адамдар жекелей жұмыс істей алатынын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативіне біріге алатынын түсіндірдік. Бұл қадам шығынды азайтады. Мысалы, жемді нарықтағы бағадан 40-50 %-ға арзан бағамен сатып алуға болады. Жер жырту, қоқыс шығару кезінде де арнайы техниканың қызмет құны төмендейді. Кооперативтер техниканы лизингке оңай ала алады. Облыс әкімдіктері кооперативтерге кәсіби агрономдардың, ветеринарлардың, механизаторлар мен зоотехниктердің қатысуын қамтамасыз етеді», – деді жобалық кеңсе хатшылығы басшысының орынбасары Ақмарал Бекмұрзаева.

 «Ауыл аманаты» жобасы 2023 жылдан 2025 жылға дейін қолданыста болады. Аталған жобаны барлық өңірде іске асыру үшін бюджеттен кредиттер бөлу көзделіп отыр.

Мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан қолдау бағдарламаларының арқасында облыста ауыл шаруашылығы көрсеткіштерінің өсу қарқынының тұрақты динамикасы қалыптасты. Ауыл тұрғындарын жаппай жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі жолдарының бірі – қосалқы шаруашылықтарды қолдау және дамыту.
Тұжырымдамалық тәсілдер бойынша аталған жобаны жүзеге асыру үшін ұсынылған критерийлерге сәйкес ауылдық округтер іріктеу жүргізіліп, 96 ауылдық округ анықталды.
Дегенмен, «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Ауыл Аманаты» жобалық кеңсесінің ұсыныстары бойынша 17 ауылдық округ ұсынылып, жобаның максималды тиімділігіне жету үшін бюджеттік қаржыландыру көлемін ескере отырып, екі ауылдық округте жобаны жүзеге асыру ұсынылды.
Бұл ретте облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын, сондай-ақ азаматтардың жеңілдікті шарттармен жеңілдетілген несие алу мүмкіндігіне деген үмітін ескере отырып, барлық ауылдық округтерді тарту көзделуде.

Бүкіл Қазақстан бойынша Үкімет AMANAT партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін “Ауыл аманаты” жобасына жол ашты берді. Оны Қазақстанда бірінші болып Ақтөбе облысы іске асыра бастады, ал 2019 жылы ол Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылды.

Жобаны іске асыруға 2024 жылы республикалық бюджетте 52,4 млрд теңге (11 мыңнан астам шағын несие) көзделген. Бұл ретте әкімдіктер қазіргі уақытта қаражатқа қосымша қажеттілікті анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізеді.

AMANAT партиясы жанынан азаматтар мен әкімдерді әдіснамалық сүйемелдеуді, оқытуды, өтінімдерді қабылдау және қаражатты бөлу процесінің мониторингін қамтамасыз ететін жобалық кеңсе ашылды.