Home Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САУРАНДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САУРАНДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан облысының Сауран ауданы орталығы Шорнақ елдімекеніндегі Ардагерлер аллеясында Ұлы Отан соғысының ардагері, подполковник, ұлағатты ұстаз Атанов Абдуманнаптың ескерткіш тақтасының ашылу рәсімі өтті.
Ашылу рәсіміне Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов, аудандық Ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары А.Бегалиев, аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Қ.Рысбеков, ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Т.Жанадилов, ішкі саясат бөлімінің мамандары, Атанов Абдуманнаптың ұрпақтары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ашылу рәсімінде аудан әкімі Ғани Құрмашұлы сөз сөйлеп, қан майданда Отан үшін от кешкендер аталарымыз бен апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын, жас ұрпаққа үлгі өнеге екендігін айтты.
Аудан әкімі Ғ.Рысбеков: «Ұлы Отан соғысының ардагері Атанов Абдуманнап атамыз соғыста ерлік көрсетіп, Отан үшін от кешті. Аталарымыз бен апаларымыздың ерлігі жас ұрпаққа үлгі өнеге. Абдуманнап атамыз соғыстан елге оралғасын, жас ұрпаққа тәрбие беріп, ұстаздық қызмет етті. Талай шәкіртті тәрбиелеп, білім саласының дамуына үлесін қосты. Майдангерлеріміздің ерлігімен еңбегін ешқана ұмытылмаймыз. Ерлеріміздің есімі ел есінде. Ерлік ешқашан ұмытылмайды!»


Одан кейін Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасынов Балтабай, Атанов Абдуманнаптың қызы Лейла және Бахадүр, шәкірті Розмет, Ақсақалдар алқасының мүшесі Әшімов Өтеген, аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Рысбеков Құрманбай сөз сөйледі.
Іс-шараның соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов қатысушыларға алғыс білдіріп, қорытындылады.