Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 10 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 10 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округінің орталығында құрылысы аяқталған 10 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйге жас мемлекеттік қызметкерлер мен үйі апатты жағдайдағы және тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар қоныстанды.
Салтанатты шараға қатысқан Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін тапсырып, жүрекжарды тілегін жеткізді.
Жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйде қоныстанушыларға барлық жағдай жасалған.
Жалпы Бәйдібек ауданындағы 3 ауылдық округте жас қызметшілер мен аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арнап екі қабатты 10 пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысы жүргізілген болатын. Осы жылдың ішінде қалған ауылдық округтердегі құрылысы аяқталған 2 тұрғын үйлерге 20 отбасы қоныстанады деп жоспарланып отыр.