Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: АУДАН АГРОӨНЕРКӘСІБІН ЖАҚСАРТУ ЖОБАЛАР САРАПТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АУДАН АГРОӨНЕРКӘСІБІН ЖАҚСАРТУ ЖОБАЛАР САРАПТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес аймағын дамыту мәселелерін талқылады. Индикаторларды орындамаған жауапты басшыларға сын-ескертпе айтылып, жұмыстарды ширату жөнінде тапсырма берілді.

– Келес ауданының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму бойынша арнайы меморандум жасалған болатын. Былтырғы жылдың қорытындысымен аудан бойынша өндеу өнеркәсібі, инвестиция, жаңа жұмыс орындарын ашу және өзге де мәселелер бойныша бірқатар көрсеткіш орындалмаған. Жыл соңына дейін барлық жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету қажет. Келес – көрші мемлекетпен шекаралас аудан. Сауда-саттықты, өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік мол. Инвестиция тарту, өнеркәсіп көлемі бойынша осы жылға бекітілген жоспарларға қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдаңыздар. Келес ауданында ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптасқан. Осы саланы дамыту керек. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы орташа деңгейде. Жұмысты ширатыңыздар, – деген Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Мәжілісте Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың атқарған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Ол ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту салаларына басымдық беріліп жатқанын мәлімдеді.

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуы бойынша істеліп жатқан жұмыстарды зерделеу нәтижесін жариялады. Кемшіліктерге тоқталып, индикаторлардың орындалу барысы туралы ой қозғады.

Оның айтуынша, былтыр 11 айда өңдеу өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 1,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 5 пайызға төмендеген. Ауыл шаруашылығы саласында өнімнің көлемі 76,5 млрд. теңгені құраған. «Ауыл аманаты» жобасының өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша 448 млн. теңгеге 80 жоба жоспарланса, бүгінгі күнге 364 млн. теңгеге 55 жоба қаржыландырылған. Құс, балық шаруашылығы бойынша жұмысты күшейту керек.

Еңбек нарығындағы жағдай саяси, экономикалық факторлардың әсерінен ұдайы өзгеріп отырады. Кеңестік кезеңде Конституцияға сәйкес, денсаулығына байланысты шектеу жоқ барлық он алты жасқа толған азамат оқуға немесе қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуге міндетті болған. Алда-жалда қайсыбірі жұмыстан бас тартып, масылдық пиғыл танытар болса, оларды мәжбүрлі түрде арнайы жұмыс орындарына жіберу де орын алды. Қазір олай емес, мүлде басқа кезең, басқаша жағдай. Еліміз егемендігін алысымен экономикалық реформалар басталды. Өткен ғасырдың 90-жылдарындағы экономикалық қиындықтардың қысымымен көптеген кәсіпорындар банкротқа ұшырап, кеңестік республикалар арасындағы өндірістік қатынастар үзілді, шығарылған өнімдерді өткізетін нарықтарды жоғалттық. Осылардың салдарынан жұмысшыларды жаппай қысқарту басталды. Азаматтарға өзін жұмыспен қамту бойынша жеке шешім қабылдауға тура келді.

Халықты жұмыспен қамту саласында сонау 1991 жылы «Жұмыспен қамтуда ықпал ету» мемлекеттік қоры құрылып, осы қорға мекемелер еңбекақы қорынан 3 пайыз мөлшерінде міндетті жарналар аударып тұрған болатын. Бірақ, Кеңес Одағы ыдырағаннан соң, көптеген мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыстарында қиыншылықтар орын алып, тиісті жарналар қорға уақтылы аударылмады. Осының салдарынан сол кезеңдегі заңнамада көрсетілген жұмыссыздарға төленетін жәрдемақылар төленбей, берешек қарыздар жинақталып, жұмыссыздық белең ала бастады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын және жұмыспен қамту саласын реттеуде 1991 жылдан бері негізінен халықты жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары жүзеге асырылып келгенімен, олар да мәселені толық шеше алмады.

Осы қордаланған мәселелердің шешімі ретінде 1999 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, 2000 жылдан бастап жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы тоқтатылып, кедейшілік деңгейінен төмен тұратын жұмыссыздарға ғана атаулы әлеуметтік көмек төлене бастады.

Экономикалық және әлеуметтік факторлар өзгерістері, әлбетте, еңбек нарығының көрсеткіштерінде көрініс табады. Осылайша, 2012 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 1999 жылғы 434,3 мың адамнан 591,9 мыңға жетіп, 36,3 пайызға өсті. 2013 жылдан бастап экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9 пайызға азайды.

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнес саласындағыларға «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы, ауыл шаруашылығы субъектілеріне «Агробизнес – 2025» бағдарламасы шеңберінде несие беру, бизнес және ауыл шаруашылығы субъектілерін субсидиялау, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген азаматтарға қолжетімді несие беру арқылы өзінің қосалқы шаруашылығында өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандардың өзін-өзі өнімді жұмыспен қамтығандар санатына өтуіне ықпал етіліп, жеке кәсіпкерлер ретінде өз істерін заңдастыру нәтижесінде негізгі көрсеткіштердің едәуір жақсаруына қол жеткізілді.

Осындай атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күнге 2011 жылғы 5,5 пайыздан 4,9 пайызға төмендеді.

Өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, бағдарламаның осы бағытын іске асыру нәтижесінде 1712 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, өз бизнесін жүргізу дағдысын игерді. Барлық оқудан өткен азаматтарға үй жалдап тұруы мен жол жүруіне материалдық көмектер төленді.

Жұмыспен қамту саласында жұмыссыздармен бірге жұмыс берушілерді де мемлекеттік қолдау түрінің бірі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру болып табылады. Аталған шара әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырушы жұмыс берушілердің жалақыға кеткен шығынын ішінара қаржыландыруды көздейді. «Жастар тәжірибесі» де кәсіби білім беру ұйымдарының түлектеріне алған мамандықтары бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтаудағы маңызды құралдың біріне айналып отыр. Тиісті заңнамалық құжаттар іске асырыла бастады. Сол 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кәсіби білім беру ұйымдарының 20933 түлегі «Жастар тәжірибесінен» өтті. Оған қатысқан 5789 түлек тұрақты жұмыспен қамтылды.

Өркениетті дамудың белгілі бір кезеңіне аяқ басқан әрбір қоғам үшін өз ардагерлері мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау маңызды мақсат болып табылады. Ұсынылып жатқан арнаулы әлеуметтік қызметтерден қиын өмірлік жағдайларға тап болған жалғызбасты азаматтар, жасы келген және мүгедектер де ескерусіз қалған емес.

Жиында мемлекеттік сатып алу, кіріс көздерін ұлғайту, кәсіпорындар ашу, білім, денсаулық салаларын дамыту жолдары сөз болып, өзге де көрсеткіштер талқыланды. Облыс әкімі тарапынан аудан басшылығына инфрақұрылымдарды жақсарту, абаттандыру, тазалық жұмыстарын күшейту, инвестиция тарту бойныша тапсырмалар берілді.