Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: АЛТЫН ОРДА -ОРТАҚ ТАРИХ

ТҮРКІСТАН: АЛТЫН ОРДА -ОРТАҚ ТАРИХ

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлық ұлыс – айбынды Алтын Орда хандығынының құрылғанына биыл 750 жыл толуына арнап «Алтын орда – ортақ тарих» атты кеңейтілген тарихи кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Тұрсын Сұлтановтың «Алтын орда», «Чингиз –хан и его потомки » кітаптары, Қайрат Бегалиннің « Алтын орда хандары» , К.Д. Оссонның «Шыңғысханнан Әмір Темірге дейін» кітабы және Алтын Орданың құрылуы және хандары туралы мәліметтер мен тың деректер жайлы тарихи кітаптар қойылды.Тұрсын Сұлтановтың «Алтын Орда» кітабында Еуразия даласындағы Шыңғыс хан ұрпақтарының мемлекеті,Монғол империясының бөлшектеніп кеткен барлық мемлекеттік құрылымдардың ішінен ерекше маңыздысы осы Алтын орда, қуат –күші асқан ірі мемлекет екендігі айтылған. Алтын орда тарихы – соғыстар мен ішкі талас-тартыстар, тақ үшін қантөгіс қырқыстар тарихы туралы жазылған. Қайрат Бегалиннің «Алтын орда хандары» атты кітабында Алтын Ордада билік құрған бізге белгілі барлық хандардың өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтер жинақталған.Сонымен қатар кітаптан Шыңғыс хан мен оның жорықтары, Алтын Орданың құрылуы, сондай –ақ онда билік жүргізген әмірлер жайлы да көптеген қосымша мағлұматтар алуға болады.