Home Әлеумет ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан қаласында “Ел алғысы -Еңбекке” мерекелік акциясы өтті. Еңбеккерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға 450-ден аса тұрғын қатысты.Мереке қарсаңында жасалған жиында шаһардың коммуналдық саласында, тазалығында қызмет етіп жүрген 20 азаматқа “Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін” медалі мен Алғыс хаттар табысталды. Алғы сөз сөйлеген қала басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы: “Сіздердің тындырымды тірліктеріңіздің, уақытпен санаспай атқарған жұмыстарыңыздың нәтижесінде қала қонақтары Түркістанның әсем кескін келбетіне тамсанып қайтуда.Осы орайда, еңбектің озат үлгісін танытып Түркістан шаһарының көркейіп гүлденуіне сіңірген еңбектеріңіз үшін әр біріңізге зор құрметпен алғысымды білдіремін!” деді. Одан бөлек, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Мақсат Таңғатаров сөз сөйледі. Өз сөзінде мәслихат хатшысы шараның көпке үлгі болар игі бастама екенін айтып, осы шараның ұйытқысы болған қала әкіміне алғысын білдірді. Жиын соңында, кешке келушілерге арнайы сыйлықтар берілді.