Home Әлеумет ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ- БАСТЫ НАЗАРДА

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ- БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы, «Nur Otan” партиясының депутаты Мақсат Асылбекұлы тұрғындар мәселесіне назар аударып, өтініштерімен келген азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауда болған азаматтар түрлі мәселелер бойынша келді. Ең бірінші кезекте, Мустараев Айдар мен Латыпова Гульмира тұрғын үй кезегіне тұрғандығын алға тартып, баспаналы болуға көмек берілсе екен дейді. Мақсат Асылбекұлы азаматтарға заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үй кезек бойынша берілетіндігін жеткізді.

Екінші кезекте, Турсынбаев Жасулан есімді жеке кәсіпкер жаңадан бастаған ісіне демеу көрсетуін сұрады. Мақсат Асылбекұлы жас кәсіпкерлерді әрқашан қолдайтындығын айтып, кәсіпкердің сенімді серіктесі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдады. Арнайы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылып жатқан түрлі қаржылық гранттарға құжаттарын өткізуді ұсынды.