Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ –ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ

ТҮРКІСТАН: АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ –ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауы аясында мал шаруашылығын дамыту, көкөніс өнімдерін, мақта өсіру, егін жай өнімдерін саралауды айтты. Осы бағытта еңбек өнімділігін арттыру жəне егін жайдың құнарлық сапасын жақсартуда көптеген мүмкіншіліктер пайдаланылып келеді, яғни ресурстарды тиімді қолдану жəне егіс алқаптарының көлемін көбейтуде ілгерілеушілік байқалады.

Бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы – халық шаруашылығының маңызды салаларының бірі, өйткені ол азық-түліктің негізгі өндірушісі болып табылады. Ауыл шаруашылығы АӨК құрылымында ерекше орын алады. Бұл, біріншіден, азық-түлік өндірісі функционалдық рөлді атқарады. Екіншіден, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары оның өнімдерін тұтынатын немесе ауыл шаруашылығы тұтынатын өнімді шығаратын ондаған саламен байланысты.

Жуырда ғана Парламент палаталарының бірлескен отырысында ауылды дамытудың тетіктері туралы тапсырма берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы «Ауыл аманаты» жобасына айрықша тоқталып, шаруаларға қажет болса, техника сатып алу үшін субсидия берілетінін айтқан еді. Сондай- ақ, Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы” жарлыққа қол қойған болатын.

Бүгінде оңтүстік өңірлерінде де, соның ішінде Сыры терең Сауран ауданы да – Түркістанмен қатар дамыған көне шаһар. 2021 жылы наурызда Мемлекет басшысының жарлығымен Сауран ауданы құрылып, тарихи мекеннің даңқы қайта жаңғырып, қайтадан Түркістанмен қатар дами бастады. Бұл – ауданның, облыстың туризм саласы үшін аса маңызды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан Сауран ауданының әлеуеті өте жоғары. Ауданның ұйымшыл, еңбекқор халқы негізінен кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына ден қойған. Бүгінде жаңарған ауданда жаңа әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеріп жатыр.

Сауран ауданына биыл І тоқсанда 6 млрд 428,9 млн теңге инвестиция тартылды. Осы жылы жалпы құны 13 млрд 129 млн теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 329 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.

– Өткен жылы Жүйнек, Шыпан, Қызылжол, Достық елдімекендеріне су мұнарасы орнатылып, Бостандық, Еңбекші Дихан, Шоқтас елдімекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал аудандағы 35 елдімекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елдімекен күн сәулесі батареяларынан қуат алады. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, өткен жылы 13 трансформатор орнатылды. Биыл 37 дана орнатылады. Сонымен қатар, елдімекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Ал 11 елдімекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елдімекен табиғи газды пайдаланып отыр. Биыл Ескі Иқан, Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас елдімекендеріне табиғи газ қосылады, – деді аудан әкімі.

Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде өткен жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, жарықтандыру жүргізілді. Биыл бағдарлама аясында 11,2 шақырым, ал жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Айта кетейік, ауданның ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылдың І-тоқсанында жалпы өнім көлемі 6 млрд. 304,8 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,1%Ауыл шаруашылығы бағытындағы «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына аудан бойынша 4 ауылдық округі енгізілді. Атап айтқанда: Қарашық ауылдық округінде 3 кооператив отбасылық сүт фермасын және отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлап отыр. Оранғай ауылдық округінде 2 кооператив мал бордақылау алаңдарын ашу және жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу бағытын таңдаған. Майдантал ауылдық округінде 2 кооператив отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашуды жоспарлауда. Ескі Иқан ауылдық округінде 2 кооператив отбасылық мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермасын ашуды жоспарлауда.

Сонымен қатар, 2023 жылдың І-тоқсанында 6 млрд. 428,9 млн. теңге инвестиция тартылдыАғымдағы жылы жалпы құны 13 млрд. 129,0 млн. теңгені құрайтын           20 инвестициялық жоба іске асырылып, 329 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жергілікті бюджетке қосымша 106,4 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атап өтсек: «Балмұздақ» ЖШС-ның – “Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны 2 млрд. 562 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 36,8 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «Ныш Ер» ЖШС-ның – Демалыс аймағы және қонақ үй салу жобасы (Оранғай елді мекені). Инвестициялық құны 2 млрд. 200 млн. теңге,      40 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 21,3 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;  «Яссы Agro.kz» ЖШС-ның – Шаға ауылдық округінен жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз өсіру жобасыИнвестициялық құны 578 млн. теңге, 30 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 3,7 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «Иманқұл ата» Ш/Қ-ның – Балық шаруашылығын дамыту жобасы (Үшқайық ауыл округі). Инвестициялық құны 600 млн. теңге, 12 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 1,8 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда;  «Sauran Plast» ЖК-ның – Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені жобасы (Шорнақ елді мекені). Инвестициялық құны 675 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда; «AgroFoodTrade» ЖШС-ның – Мақта майын өндіру цехы жобасы (Ескі Иқан елді мекені). Инвестициялық құны 500 млн. теңге, 10 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке қосымша 8,6 млн. теңге салықтар түседі деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек,Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген.Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының     2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды.Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына 2023 жылға 229,9 млн. теңге қаржы бөлінді.3 шалғай орналасқан елді мекендерде кешенді блок модуль орнату қарастырылуда. 12 елді мекенде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жер асты су қоры зерттелуде. Сонымен қатар, Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне (құны – 23,0 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 69 үй таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендерде нысандардың құрылысына (2-ші кезеңіне) жобалық сметалық құжаттары әзірленуде, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, қаржыландыруға ұсынылатын болады. Атап айтқанда: Еңбекші Дихан, Ескі Иқан, Ибата, Шорнақ, Жүйнек және Қарашық елді мекендері.