Home Әлеумет САУРАН АУДАНЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

САУРАН АУДАНЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Бүгін Сауран ауданындағы Ескі Иқан ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында “Муталиб Юлдашев атындағы спорт мектебі” ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Мәткәрімұлы, аудан әкімдігінің қызметкерлері, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының мамандары, ауыл әкімі Д.Сайтов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар және спорт мектебінің басшылары қатысты. Ашылу салтанатында аудан әкімі Ғани Рысбеков сөз алып, бүгінгі спорт кешенінің спортты дамытуда маңызы зор екендігін айтып, осындай спорт кешендерін көптеп ашу керектігін жеткізді.

Ауыл ақсақалы Мүбараков Набихан мереке аясында ашылғалы отырған спорт мектебінің салынуы – балалардың спортпен шұғылдануына көмегі тиетіндігіне риза болып, жеке кәсіпкерге алғыс білдірді.

Одан кейін ауылдық Ақсақалдар алқасының төрағасы Якубов Бабажан спорт ғимаратын өз қаржысына салған жеке кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Аудан әкімі Ғ.Рысбеков пен ауыл ақсақалдары спорт мектебінің лентасын қиды.
Мереке аясында ашылған спорт кешенін аудан әкімі мен ауыл тұрғындары аралап көрді.
Жеке кәсіпкер Юлдашев Мамирхан Муталибұлы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында өз қаржысы есебінен бұқаралық және кәсіптік спортты дамыту мақсатында “Туған жер” бағдарламасы аясында туған жеріне тарту жасап отыр.

“Муталиб Юлдашев атындағы спорт мектебі” ЖШС құны – 416 млн. теңге, жалпы жер көлемі 1,5 гектар. Бас директор Юлдашев Мамирхан.
Спорт кешені 240 орынға лайықталып, салынған. 28 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген.

Спорт кешені еліміздегі жүз денешынықтыру, сауықтыру КЕШЕНДЕРІ қатарына кірген 18 жасқа дейінгі 338 баланы ақысыз тәрбиелейді:
Еркін күрес, дзюдо,волейбол,футбол, теннис, шахмат.