Home Әлеумет САУРАН АУДАНЫ: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫ: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2021 жылғы 10 қараша күні Сауран ауданының әкімдігінде аудан әкімі Ғ.Рысбековтың төрағалығымен аудандағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Түркістан облысы Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар қауымдастығының Президенті, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ш.Жамалбек, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы Мемлекеттік идеология және «Рухани жаңғыру» бөлімінің басшысы Ф.Шарипова, Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығының төрайымы Жакипова Ақбаян Төлбасықызы, «Береке» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Абдуллаева және облыстық және аудандық үкіметтік емес ұйым басшыларымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы мен мамандары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі Ғани Құрмашұлы ауданда үкіметтік емес ұйымдардың құрылып жатқандығын және бірлесе жұмыстар атқарылатындығын айтты.
Кездесу аясында Шәріпбек Жамалбекұлы сөз алып, үкіметтік емес ұйымдардың қоғамды дамытуда маңызы жоғары екендігін айтып, үкіметтік емес ұйымдармен Азаматтық Альняс жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Сонымен қатар, барлық аудандарда үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурстық орталық құрылғандығын баяндап, жаңадан құрылған Сауран ауданында ақпараттық-ресурстық орталық құрылуы керектігін түсіндіріп, орталыққа жетекші ретінде «Эко-Атамекен» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ниязова Гүлнар Жолаушықызын ұсынды.
Кездесуге қатысқан үкіметтік емес ұйым өкілдері бірауыздан келісім беріп, аудандық Ақпараттық-ресурстық орталық жетекшісі болып Ниязова Гүлнар Жолаушықызы сайланды.
Одан кейін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік идеология және «Рухани жаңғыру» бөлімінің басшысы Фарида Амантұрқызы сөз алып, облыста белсенді үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстардың барысы туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында «Береке» қоғамдық бірлестігінің жоба координаторы Г.Андабаева «Түркістан облысының қала, аудандарындағы ақпарттық-ресурстық орталықтары мен ҮЕҰ-ның жұмысын дамыту» жобасы бойынша ақпарат беріп, «Түркістан облысының ең үздік ҮЕҰ» байқауына қатысуға шақырды.
Кездесу соңында Ғани Құрмашұлы қатысушыларға алғыс білдіріп, кездесуді қорытындылады.