Home Әлеумет Ордабасы ауданынан «Елбасы медалі» кімдерге бұйырды?

Ордабасы ауданынан «Елбасы медалі» кімдерге бұйырды?

Еліміздегі ең ауқымды «Елбасы медалі» жобасы жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты жастарға арналған.

«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйретеді.

Бүгін Түркістан қаласы «Ақжайық музыкалық мектебінде» «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Елбасы медалі» жобасының қола және күміс медаль иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Ордабасы ауданының өрендері М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Сейілхан Аяжан, Айдана Анарбай, Бектай Ақсана,Халдарова Айгерим, Сейілхан Сабина Е.Ерназаров ат.жом.оқушысы Файзулла Мадина, З.Исабеков ат.жом. оқушысы Інкаш Назерке осы жобадағы алғашқы жетістіктері – «Елбасы медалімен» марапатталды.