Home Әлеумет Оқу әдістемені жетілдіру жайында жиын өтті

Оқу әдістемені жетілдіру жайында жиын өтті

Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Қожанов атындағы N9 жалпы орта мектеп базасында 2022 жылдың 16 наурызында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Білім беру процесіне ақпараттық технологияларды енгізу негізінде оқыту әдістемесін жетілдіру» мақсатында жылдық жоспарына сәйкес, ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ өткізді.

Әдістемелік десантқа Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері, қала мектептерінің директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары, директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп кітапханашылары, тіл пәндері мұғалімдері, ІТ мамандары және информатика пәні мұғалімдері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері, география пәні мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, ұйымдастырушы педагогтері қатысты.

Тәуекелдің әр кез алдыңнан шығатыны рас, одан қашқақтаудың орнына, оны басқаруды үйренейік,- дегенді басшылыққа алып жұмыс жүргізілді. Әдістемелік десантқа қатысушы директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары – оқыту процесінің жағдайы, проблемалары туралы мәлімет алып қана қоймай, 2021-2022 оқу жылының халықаралық зерттеуіне дайындаудың тәртібін білді.

АКТ-ны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды қолданудың жолдарын меңгерді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды ҚМЖ-ға ендіруді меңгеруге бағыт берді.

Педагогтерді аттестаттау бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12.11.2021жылғы №561 бұйрығымен танысты.

Білім платформаларымен жұмыс жасау алгоритмдері туралы түсініктерін қалыптастырса, қалған барлық қатысушылар өз салалары бойынша әдістемелік десант тобымен келген әр сала мамандары жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізіді. Облыстық әдістемелік десантты топты бастап келген Тойшыбеков Руслан мырза барлық мамандарды таныстырып, жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.

Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мақұлбекова Айгүл Амангелдіқызы мен әдістемелік кабинет әдіскерлері бүгінгі іс-шараны ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Білім беруді дамыту орталығының” ұйымдастырған әдістемелік десант өткізген жұмысшы тобына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Қорытынды сөз айтқан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мақұлбекова Айгүл Амангелдіқызы : Үйрете отырып, үйрену ғана жеміс береді.Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі,- деп бүгінгі әдістемелік десантты қорытындылады.